Қостанай облысында екі тәулік бойы табылмаған тұрғын үйіне өзі келді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Аманкелді ауданының тұрғындары мал іздеуге шығып кеткен 21 жастағы жігітті екі тәулік бойы іздеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпаратты Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Аманкелді ауданының 21 жастағы тұрғыны 18 қазан күні таң атысымен мал іздеуге шығып кеткен.

«Іздеу шараларына 30 шақты адам жұмылдырылды. Олардың арасында 20 полицей мен Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жасағы қызметкерлері бар. Кейіннен бұл топқа ауыл тұрғындары қосылды», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Жоғалған жігіт 19 қазан күні сағат 17:00 шамасында үйіне өзі келген. Айтуынша, ауылға жету үшін қатты жауған жаңбыр бөгет жасаған. Қазір жағдайы бірқалыпты. Ол Аманкелді ауданы маңындағы «Хан» деген елді мекенде болыпты.

Еске салсақ , мал іздеуге шығып кеткен тұрғын Меңдіқара ауданында да іздестірілуде. Ол 1 қазан күні үйінен шығып кетіп, оралмаған. 

Соңғы жаңалықтар