Қостанай облысында екі баланың анасы жоғалып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный қаласы ІІБ Қашар ауылының тұрғынына іздеу салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі баланың анасы Виктория Курочкина 24 қыркүйекте Қашар ауылындағы үйінен шығып кетіп, оралмаған.

Ол 1984 жылы туған. Бойы - 163-165 см, толық денелі, көкшіл көзді. Көзілдірік тағады.

Үстінде қара куртка, қара-көк түсті джинс шалбар, қара түсті былғары аяқ киім болуы мүмкін.

Виктория Курочкина туралы әлдебір ақпаратқа ие болсаңыз, мына телефондарға хабарласыңыздар:

8 (71456) 2-75-45 немесе 102.

null 

Соңғы жаңалықтар