Қостанай облысында далада адасып кеткен қария табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Арқалық қаласына қарасты Ашутасты ауылының 88 жастағы тұрғыны үйінен 2 шақырым қашықтықта адасып, үсіп кете жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Сергей Шмидтке сілтеме жасап.

20 қаңтар күні түнде құтқарушыларға Арқалық қаласынан 35 шақырым жерде 88 жастағы зейнеткердің жоғалғаны туралы ақпарат келіп түседі.

«19 қаңтарда сағат 23:20 шамасында зейнеткер танысының үйінен шығып, Мичурин көшесіндегі өз үйіне бағыт алған. Алайда, ол жолда адасып кеткен. Хабар алған құтқарушылар тобы УАЗ және жол талғамайтын Марш-Бронто көлігімен зейнеткерді іздеуге шығады. Екі сағаттан соң ол Ашутасты ауылынан 2 шақырым жерде табылған. Зейнеткер тізесіне дейін қарға батып, өздігінен қозғала алмай тұрды», - деп хабарлады Шмидт.

Үсік шалған зейнеткер Арқалық қаласының ауруханасына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар