Қостанай облысында бірнеше басқарма басшылары ауысты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бірнеше басқарма басшыларын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасына Иса Мұсаұлы Құдабеков келді. Ол аталған қызметке дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриалдық-инновациялық даму бөлімінде бас кеңесші болды.

Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Евгений Вильямс бекітілді.

«Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасының бұйрығымен Берік Молдабайұлы Қайдаров «Қостанай жолдары бөлімі» басшылығына келді. Ол бұған дейін «Қазақстан темір жолы» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар