Қостанай облысында барлық бағыттар бойынша жолдар жабылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Ауа райының күрт суытуына байланысты Қостанайда 22 қаңтар күні дизельмен жүретін көліктер үшін барлық бағыттар бойынша жол жабық, деп хабарлады облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

«Қостанай облысындағы жолдардың барлығы дизельді отынмен жүретін көліктер үшін жабық. Облыстық маңызы бар жолдарға арнайы қар тазалайтын техникалар жұмылдырылған. Барлық жол қызметтері күшейтілген тәртіпке ауыстырылды. Күн райы -38 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде», - деп мәлім етілді ведомствода.

Ал республикалық маңызға ие жолдарға жауап беретін «ҚазАвтоЖол» АҚ облыстық филиалының хабарлауынша, 21 қаңтар күні сағат 23:00-ден бастап дизельді отынмен жүретін көліктер үшін «Қостанай-Ұзынкөл» (СҚО шекарасына дейін),  «Қостанай-Сарыкөл» (СҚО шекарасына дейін), «Қостанай-Әулиекөл» (Ақмола облысының шекарасына дейін) бағыттарында жол жабылған.

Еске салсақ, ауа райының күрт суытуына байланысты Қостанай облысында бірінші ауысымдағы оқушыларға сабақ болмады. 

Соңғы жаңалықтар