Қостанай облысында бала Шоқанға ескерткіш орнатылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында Шоқан Уәлихановтың ескерткіші орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпаратты сарыкөлдік тұрғындар әлеуметтік желілерде таратты. Тас мүсін Сарыкөл ауданының Күнтимес ауылында ұлы тұлғаның туған күні қарсаңында ашылды. Бастамашылар - осы ауылдың азаматтары.

«Біз жас Шоқанның ескерткішін орнатуды шештік. Өйткені, ол жас жағында осы Күнтимес ауылында өмір сүрген. Бұл идеямыз көп жылдан соң іске асып отыр. Жас Шоқанның ескерткіші ел бойынша өте аз, жоққа тән деп айтуға болады. Мұнда Шоқан атамыздың кадетте оқып жүргендегі кезі бейнеленген», - дейді өлкетанушы Еділбай Ахметов.

Ескерткіш салу бастамасы биыл өткен идея жәрмеңкесінде мүмкін болды. Ауыл азаматтары жәрмеңкеде жарты миллион теңгенің грантын ұтып алды. Мүсіннің авторы - Егор Кислицин.

Соңғы жаңалықтар