Қостанай облысында аудандық аурухананың бас бухгалтері сотталды

None
None
Қостанай. Қазақпарат - Қостанай облысының Федоров аудандық сотында орталық аудандық ауруханының 62 жастағы бас бухгалтері мен үш қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды «Қазақпарат» тілшісі Қостанай облыстық сотына сілтеме жасай отырып.

Істі қарау барысында аурухананың бас бухгалтері 2014 жылдың қаңтары мен 2016 жылдың желтоқсаны аралығында өз ісіне жауапсыздық танытып, соның салдарынан мемлекеттке 19 млн. 299 мың 331 теңге көлемінде зиян келтірген.

«Аурухана бухгалтериясының қызметкерлері С, В, Д, бас бухгалтер Г-нің тікелей қол астында бола тұра, бухгалтер тарапынан жалақыға кететін қаржыны дұрыс жұмсау бойынша тиісті бақылаудың жоқтығын біліп, жалған ресми құжаттар әзірлеу арқылы бюджет қаражатын ұрлаған. Нақтырақ айтар болсақ, кәсіпорын кассасынан қаржы алуға құқық беретін шығын-кассалық ордерлеріне жалған мәлімет енгізген. Олар қаражат алғандықтарын көрсететіндей етіп, өзге тұлғалардың қолтаңбасын қолдан жасаған, сонымен қатар, кәсіпорын кассасынан қаражат алуға құқық беретін есеп айырысу-төлем тізімдемесіне де жалған мәлімет енгізген», - деді облыстық сотта.

Соңғы жаңалықтар