Қостанай облысында ақпараттық-туристік портал іске қосылады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының туристік әлеуетін дамыту үшін ақпараттық-туристік портал жасалмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған дейін Қостанайдың туристік бағыттарын көрсету мақсатында 2018-2022 жылдарды қамтитын жоспар ұсынылғанын хабарлаған болатынбыз.

Аталған жоспар бойынша, маркетингтік зерттеу жұмысы жүргізілді. Белгілі болғандай, респонденттердің көбі Қостанай облысы туралы көп мәліметтерді біле бермейді.

«Біз көптеген туристермен сөйлестік. Олардың айтуынша, ғаламторда Қостанай облысының туристік әлеуеті туралы материалдар жоқы. Ал БАҚ Қостанайды аграрлы аймақ ретінде көбірек насихаттайды», - дейді жоба жетекшісі Евгений Фикс.

Міне, осы олқылықтардың орнын толтыру үшін Қостанай облысының ақпараттық-туристік порталы іске қосылады.

«Өңірдің көрнекі орындары туралы интерактивті онлайн-экскурсиялар ұйымдастыру жоспарланған. Бұл ретте SMM-маркетинг, жарнама, видеоконтент сияқты тетіктерді пайдаланатын боламыз», - деді Фикс.

Соңғы жаңалықтар