Қостанай облысында 28 жастағы жігіт жоғалып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Лисаков қаласының тұрғыны Игорь Василенко із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Игорь Василенко 27 қаңтар күні Лисаков қаласындағы үйінен шығып кетіп, оралмаған.

Туыстарының айтуынша, ол үстіне көк куртка киіп шыққан. Басында ақ түсті «Л,М» әріптері жабыстырылған бас киім, көк шалбар және көк кроссовка болған.

Ол 1990 жылы туған. Бойы - 170 см, орта денелі, шашы қара түсті. Сондай-ақ, кеуде тұсында тыртығы (шрам) бар.

Айта кетейік, еріктілер тобы 5 ақпан күні Қостанай және Рудный қалаларының төңірегінен жоғалып кеткен жігітті іздеуге шығады.

Рүстем есімді еріктінің сөзінше, іздеуге атсалысатын адамдар 9:00-де Қостанайдағы «Аврора» сауда орталығының және Рудныйдағы «Горняк» спорт кешені маңына жиналмақ.

Сондай-ақ, ол Игорь Василенкоға қатысты қандай да бір ақпарат білетіндерге 87084968408, 87476803086, 87767900888 немесе 102 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар