Қостанай облысында 27 ауылдың атауы өзгеруі мүмкін

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай ауданында тұрғындарың өтініші бойынша, ауыл атауларын қазақшалау туралы жиын өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл тұрғындарының өтініштері негізінде Семеновка және Борис-Романовка ауылдарының атауы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Қостанай ауданының әкімі Қайрат Ахметов мәлім етті.

Мемлекет басшысының 2017 жылғы 28 ақпандағы тапсырмасына сәйкес, Қостанай облысында идеологиялық тұрғыда ескірген ауыл атауларын өзгерту бастамалары қолға алына бастады.

Айта кетейік, бүгінгі күні Қостанай ауданына қарасты 53 елді мекен бар. Оның небәрі 14-і ғана мемлекеттік тілде аталады. Арнайы комиссия 27 ауылдың атауы идеологиялық тұрғыда ескірген деп таныды. Алдағы уақытта олар қайта аталуы мүмкін. Комиссия мүшелері аудандағы тағы 12 ауылдың атауының мағыналық маңызы жоқ деп шешті.

«Ұжымдық өтініш бойынша Семеновка ауылын Қостұмар деп атау туралы ұсыныс түсті. Сондай-ақ, Борис-Романовка ауылын Павлов деп атау ұсынылды. Кеңес Одағының батыры Павловты барлығы біледі деп ойлаймын. Осыған дейін Заречный кентіндегі мектепке Ахмет Байтұрсынов есімі берілген еді. Давыденовка ауылы енді Еңбек деп аталады», - деді аудан әкімі.

Жоғарыда аталған екі ауылдың атауын өзгерту туралы 17 қарашада жиын өтеді.

Соңғы жаңалықтар