Қостанай облысында 17 жасар қыз із-түзсіз жоғалып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Лисаков қаласында 17 жасар қыз іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денисов ауданының тұрғыны Миличенко Олеся Владимировнаның хабар-ошарсыз жоғалу дерегі бойынша Лисаков қалалық ІІБ-нің кезекші бөліміне 21 қазанда хабарлама келіп түскен.

Ол 17 қазанда «Крымское - Лисаков» бағытындағы автобусқа отырған. Содан бастап ешқандай хабар жоқ. Туыстарының айтуынша, ол бұрын ескертусіз ешқайда шықпаған.

Миличенко Олесяның үстінде ашық жасыл куртка, көк түсті джинс шалбар және жасыл түсті аяқ киім болуы мүмкін.

Бұл факт бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын бастады. Жоғалған қыз туралы әлдебір ақпарат болса, 102 немесе 8(7142-52-61-12, 52-61-11) телефондарына хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар