Қостанай облысы ТЖД жол қауіпсіздігін бақылау үшін арнайы жасақ құрды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қатты аязға байланысты жолдардағы қауіпсіздікті қадағалау үшін Қостанай облыстық ТЖД арнайы жасақ құрды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, әзірге төтенше жағдайлар туралы ақпарат түскен жоқ.

 «22 қаңтар сағат 18:00-ден бастап ауа райының күрт суытуына байланысты республикалық маңыздағы «Жезқазған-Петропавл» (340-377 шақырым) бағытындағы барлық автокөліктерге жол жабық. Ал облыстық маңызы бар жолдардың барлығы дизельді отынмен жүретін көліктер үшін жабылды. Қазір жолдарға арнайы қар тазалайтын техникалар жұмылдырылған. Барлық жол қызметтері күшейтілген тәртіпке ауыстырылды», - делінген ТЖД хабарламасында.

Сондай-ақ, жолдарда ҚР ІІМ ТЖК Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы мен жергілікті полиция қызметі кезекшілік етуде. Бұған қоса жолдағы қауіпсіздікті қадағалау үшін облыстық ТЖД арнайы жасақ құрды.

Айта кетейік, ақпараттық-түсіндірмелі жұмыстар және жедел психологиялық көмек көрсету үшін өңірде «112» телефоны жұмыс істеп тұр.

Соңғы жаңалықтар