Қостанай облысы Таран ауданының әкімі тағайындалды

None
None
  ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы әкімінің өкімімен Таран ауданының жаңа әкімі тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қызметке Қуандық Хайдарұлы Есбергенов келді. Ол осы уақытқа дейін Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімі қызметін атқарып келген.

Қуандық Хайдарұлы 1970-жылы туған, екі жоғары білімі бар. 1996 жылы инженер-құрылысшы біліктілігі бойынша Рудный индустриялды институтын, 2002 жылы заңгер мамандығы бойынша Қостанай әлеуметтік академиясын бітірді.

Еңбек жолын Жітіқара ауданы Дзержинский атындағы кеңшарда жұмысшы болып бастады.

2002 жылы шілде мен 2008 жылғы қараша аралығында Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары, 2008 жылғы қараша мен 2013 жылғы маусым аралығында Жітіқара ауданының әкімі болып жұмыс істеді. 2014 жылғы қаңтардан бастап, маусым айына дейін Қостанай облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының лауазымын атқарды.

«Құрмет» орденімен, «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медальдарымен наградталды.

Соңғы жаңалықтар