Қостанай облысы киелі нысандарының тізімі жасалды

None
None
  ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының қасиетті орындары «Киелі Қазақстан» жобасының арнайы тізіміне алынды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республикалық этномәдени экспедициясының қатысушылары Тобыл-Торғай өңіріне табан тіреді. Осы күні Қостанай облысында 34 киелі нысан анықталған. Олардың 10-ы жалпыұлттық мәнге ие болса, 24 нысан жергілікті маңызға ие деп танылды. Алдағы уақытта Сейтқұл Маманұлы кесенесі, «Татыр шайқасы» белгісі, Тілеп Аспантайұлы бейіті, А. Байтұрсынов туыстарының бейіті, Нұрхан Ахметбеков зираты, Қазыбай әулие және Баймырза әулие Мергенұлы кесенелері облыстық тізімге енеді. Мұнан бөлек әр ауданды аралап жүрген «Тобыл-Торғай» мұрасы экспедициясы жергілікті қасиетті орындар туралы тізім жасайтын болады.
null

Еске салсақ, үстіміздегі жылдың тамыз айында Қазақстанның киелі 100 нысаны жарияланған-тын.  Негізгі мақсат - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттап, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау.

«Біз әр өңірлердегі зиялы қауым өкілдерімен, ауыл ақсақалдарымен кездесіп, киелі орындар туралы ақпарат алу үшін экспедиция ұйымдастырдық. Бұл бастама бір жыл ішінде аяқталып қалмайды. Киелі нысандарды анықтау кемінде бес жыл жүзеге асады», - деді тарих ғылымдарының докторы Айман Досымбаева.
null

Алдын ала іріктелген тізімге жергілікті өлкетанушылардың ұсынған аңыздары мен ел аузындағы әңгімелері бар жаңа нысандар тізімі қосылды. Тарихшылар Түркебай әулие бейіті, Қоянақ әулие кесенесі, Сатыбалды ишан кесенесі туралы мәліметтердің аздығын алға тартты. Сондай-ақ, облыстың киелі орындары картасына енгізілетін нысандарды тереңдете  зерттеу қажеттілігі жайында айтылды.
null

Соңғы жаңалықтар