Қостанай облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенті  Әкімшілігінің келісімімен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің бұйрығымен өңір басшысының орынбасары қызметіне Мейіржан Мырзалиев тағайындалды.

Жаңа орынбасар инвестиция тарту, экспортты дамыту, кәсіпкерлікті индустрализациялау және дамыту мәселелерімен айналысады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы 1980 жылы туған, қазақ, жоғары білімді.

2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін үздікпен, 2006 жылы - М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, 2011 жылы - ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік саясат ұлттық мектебін, 2016 жылы АҚШ-тағы Дьюк университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қалалық әкімдігінде бас маман ретінде бастап, 2008 жылға дейін бөлім басшысы лауазымына дейін түрлі қызметтер атқарған.

2008 жылдан бастап ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде түрлі лауазымда еңбек еткен.

 Үйленген, екі қызы бар.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. 

Соңғы жаңалықтар