Қостанай мен Таразды салыстырмаңыздар - әкім

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Архимед Мұхамбетовтің тұрғындармен кездесуінде жолақы құнының өсуі сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық жолаушылар тасымалдау  қауымдастығының төрағасы, «TTS Reisen» ЖШС директоры Алексей Бойченконың айтуынша, қаладағы қоғамдық көліктер тарифін көтеру мәселесі біраз уақыттан бері қозғалып келеді.

«Былтырғы қараша айында жол тасымалдаушылар тарифті өсіру туралы әкімдікке ұсыныс жазды. Енді осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймыз», - деді Бойченко облыс әкіміне.

Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыповтың айтқандай, бұл сұрақ әлі қалалық қоғамдық кеңестің талқылауында. Өз кезегінде Архимед Мұхамбетов бірнеше тапсырма жүктеді.

«Тарифті өсіру отбасылық бюджетке айтарлықтай әсер етеді. Сол себепті, әуелі қоғамдық тыңдау өткізіңіздер. Екіншіден, басқа да аймақтардың көрсеткіштерін есепке алу қажет. Мәселен, бізді Таразбен салыстырмаңыздар. Ол жақта қыс айында шығын аз болады.  Ал Қостанайлық жол тасымалдаушылар дизельдік отынды көп тұтынады. Осыны ескеріңіздер. Бұл ретте халыққа дұрыстап түсіндіріңіздер. Петропавл, Көкшетау және Павлодарда жолақы қандай? Егер Қостанайда еліміз бойынша ең төмен жолақы құны енгізілсе, онда бағаны арттыруға болады», - деді облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар