Қостанай мектептерінде сабақ тоқтатылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Ауа райына байланысты Қостанайда 0-6 сыныптарда бірінші ауысым сабақтары болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Синоптиктердің болжауынша, ауа температурасы 26 градусқа дейін төмендейді. Сол себепті, барлық мектептерге хабар берілді», - деді  Қостанай қаласы білім бөлімінің кезекші қызметкері Салтанат Жандәулетова.

Айта кетейік, бүгін түнде Қостанай облысында ауа температурасы -28 градусқа дейін суытады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар