Қостанай аудандық сотында күйеуі әйелін пышақтап өлтірді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін некені бұзу бойынша сот отырысы барысында ер адам жұбайына пышақ жарақаттарын салды, әйел сол орында көз жұмды, деп хабарлады «ҚазАқпара» ХАА тілшісі.

Зардап шеккен әйелге көмек көрсетілді, ол ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Ер адам ұсталды.

Ақпаратты Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінде растады және соттың күзет қызметі тергеуді жеке жүргізіп жатқанын атап өтті.

Амангелді сотының төрағасы Теміржан Байкин сот отырысында орын алған оқиғаны «ҚазАқпарат» ХАА тілшісімен телефон арқылы сөйлесу кезінде растамады, бірақ оны жоққа да шығармады. 

Соңғы жаңалықтар