Қостанай аудандық соты ғимаратындағы кісі өлімі: Күзетшілер 5 жылға сотталуы мүмкін

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Амангелді аудандық соты ғимаратының кіреберісін бақылайтын Қостанай облысы ІІД   күзет қызметі басқармасының  күзетшілері 5 жылға дейін сотталуы мүмкін, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Олардың салғырттығы салдарынан 28 ақпанда  сот үдерісінің қатысушысы сот ғимаратында өз әйелін пышақтап өлтірді.

Облыстық прокуратурада хабарлағандай, қызметкерлердің салғырттығы бойынша соталды тергеуді Қостанай облыстық прокуратурасы мамандандырылған прокурорлар басқармасы жүргізеді. Оларға тағылған айып ҚР ҚК 371-бабы 2-бөлімі бойынша  5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Еске салсақ, ІІД баспасөз қызметінде қылмыскер сотқа пышақты қалай алып өткенін анықтау үшін қызметкерлерге қатысты қызметтік тексеру басталғанын хабарланған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 28 ақпанда таңертең  неке бұзу үдерісіне қатысуға келген Бекібаев  сот басталар алдында әйелімен сөзге келіп қалып, етігінің қонышынан пышақ алып шығып, әйеліне бірнеше жерден пышақ жарақатын салады.

Ер адам оны тоқтатпақшы болған сот приставына белсенді қарсылық көрсетті. Оны айғай-шуды естіп жүгіріп жеткен сот төрағасы мен күзет қызметінің қызметкері тоқтатты.

Жедел жәрдем көлігі әйелді ауруханаға жеткізді, алайда оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Жұбайының денесіне 30-дан астам пышақ жарақаты  салынған. Соттың баспасөз қызметі ұсталған ер адам Амангелді орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі екенін хабарлады. 

Соңғы жаңалықтар