«Қостанай-Алматы» бағытындағы пойыз жаңартылады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай-Алматы аралығындағы пойыз қызметін бақылаушы «Түрксіб-Астана» ЖШС жаңа купе вагондарын сатып алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түрксіб-Астана» ЖШС директоры Владимир Рожконың айтуынша, биыл Ресейден 14 жаңа купе вагоны сатып алынады.

«Қазір екі тарап арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр. Маусым айында алғашқы вагондар жеткізілуі тиіс. Оған дейін «Қостанай-Алматы» бағытындағы «043» пойызы пайдаланылады. Бүгінде барлық вагондарды жаңартуға шамамыз жоқ. Дегенмен, ендігі жылы қаржылық жағдай реттелсе, бұл мәселенің де шешімі табылады», - деді Рожко агенттік тілшісіне.

Басшының сөзінше, былтыр серіктестік 26 плацкарт, 6 купе вагонын сатып алды. 

«Бізде барлығы 100 вагондай бар. Былтырдан бері вагондардың ішкі интерьері мен дивандары, жуын бөлмесі жаңартылды. Перделер орнатылып, қысқа толқынды пештер сатып алынды. Бұдан өзге ағымдағы жылы жаңа 14 купе вагоны ауа баптау жүйесімен жабдықталады», - дейді Рожко.

Соңғы жаңалықтар