Көші-қон заңдарын бұзған Өзбекстанның 15 азаматы ел аумағынан шығарылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазаАқпарат - Меркі аудандық сотының шешімімен Көші-қон заңдарын бұзғаны үшін Қазақстан аумағынан Өзбекстанның 15 азаматы шығарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдегендей, жергілікті сот Өзбекстан Республикасының 15 азаматына қатысты  ҚР әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 517 бап, 5 тармағы бойынша әкімшілік істі қарады.

Көрші елдің азаматтары Қазақстан аумағына кіру мақсаттарын, көші-қон карталарында «жеке шаруалары» бойынша деп көрсеткен. Шын мәнінде олар Меркі ауданындағы жеке үйлердің біріне жалданып жұмыс істеген. Яғни, Қазақстанның көші-қон жөніндегі заңнамасын бұзып, рұқсатсыз еңбекке жалданған.

Сот қаулысына сәйкес, Өзбекстан азаматтары кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылды.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ,-деп қосты Меркі аудандық сотының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар