Көшербаев: Туған жерге деген іңкәрлік - елге жанашырлық

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-«Байқоңыр-Инвест» инвестициялық форумы аясында №1 секция «Туған жерге тағзым» тақырыбымен өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Секция модераторы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары  Руслан Рүстемов  кіріспе сөзінде «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» екендігіне тоқталып, бағдарламаның мақсатын таныстырды. Секция жұмысын облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ашып, құттықтау сөз сөйледі.

null  

«Елбасы өз сөзінде: «Біздің әрқайсымыз туған өлкемізді мақтан етеміз, алыс жүрсек сағынамыз, қамқорлық жасаймыз, «Туған жерге деген іңкәрлік - туған елге деген сүйіспеншілікке ұласады, туған жерге қамқорлық - туған жерге жанашырлықпен астасады» жалпыұлттық патриотизмнің өзегі іспетті «Туған жер» бағдарламасы осындай ниеттер мен ізгі шараларды жүйелеп,  ортақ игілікке айналдыруды көздейді» деп атап өтті. Рухани жаңғырудың ең негізгісі, сол санамыздың жаңғыруы», - деді Қ. Көшербаев. 

   Секцияға Сыр бойының елге танымал бірқатар тұлғалары  "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері", "Құрмет", «Парасат» ордендерінің иегері, композитор Дүйсекеев Кеңес, «Айқын» газетінің бас редакторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік сананы модернизациялау бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі  Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы, «Нұр-мүбарак» университетінің проректоры Шамшәдин Тұрсынұлы  Керім, белгілі айтыскер-ақын Сұлтанхан Мейірбек арнайы қатысып, өз тілектерін білдірді.

  Сонымен бірге, Қызылордадағы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы кампус салу туралы «Болашақ» университетінің ғылыми жетекшісі Досманбетов Бакберген Сәрсенұлы, Арал өңіріндегі сода күлін салу жұмыстары жөнінде «Аралтұз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Мұкашев Дәурен Рахметұлы жан-жақты хабардар етті.

null null null 

 Нәтижесінде демеушілік жасау жөнінде 7 меморандумға қол қойылды.

 

Соңғы жаңалықтар