Көшербаев Шиелі мен Жаңақорған аудандарында бизнесті дамыту бойынша отырыс өткізді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Шиелі және Жаңақорған аудандарында болып, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша актив отырысын өткізді. 

null

Сондай-ақ,  кәсіпкерлік нысандарының  жұмыстарымен танысты, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

null  

Жаңақорған ауданында 159 гектар жерді алып жатқан агроиндустриялық аумақтың салтанатты ашылуы өтті. Онда электр желісі мен  аяқсу жүйесі тартылған, көгалдандыру   және жылыжайлар құрылысына  жер телімдері бөлінген. Саябаққа арналған 2 гектар жерге  1400 түп ағаш көшеттері отырғызылған. Бұл жерге балалардың ойын алаңдары, бассейн салынады.  Бүгінде  жаңақорғандық 10 кәсіпкер агроиндустриялық аумақтан жер телімдерін алып  кәсіпорындар салуды, 48 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.  

null  

Шиелі ауданында 2016 жылдың наурыз айында тәулігіне 400  литр шұбат өндіретін «Аруана» цехы іске қосылды. Кәсіпорында 5 адам жұмыспен қамтылған, ал дайын өнімдер Алматы, Ақтөбе және Қызылорда қалаларында сатылуда. Шаруашылықты  ары қарай дамыту үшін  Сауысқандық өңірінен 1800 га жер телімі  алынған. 2017 жылдың ақпан айынан бастап қаймақ, йогурт, сүт, айран өндіру цехтары  іске қосылып, 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

null  

2016 жылы Шиеліде «Мөлдір и К» ЖШС құс фермасы ашылып,  12 мың бас балапан өсірілуде.  Мұнда жылына 3,5 млн. дана жұмыртқа өндірілетін болады. Болашақта құс фермасына 10 мың бас ет бағытындағы балапандар әкелініп, жылына  65 тонна құс еті өндірілмек.

null  

Өткен жылдың желтоқсан айында Шиелі кентінде жалпы аумағы 8 мың шаршы метрді құрайтын «Береке» сауда үйі пайдалануға берілді. Кешеннің аумағына 160 дүңгіршектен тұратын сауда орталығы, 10 нөмірлі қонақ үй, оқу орталығы, мейрамхана мен тойхана, балалар ойын-сауық павильоны орналасқан. Мұнда 160 жеке кәсіпкер жұмыс істейді және 250 адам жұмыспен қамтылған.

null  

Жаңақорған мен Шиелі аудандарында өткен микро,-шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі актив отырыстарында  ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. 

null null null 

Соңғы жаңалықтар