Қошанов Теміртау ЖЭО-сындағы апаттың қайталанбауын қадағалауды ескертті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртаудағы ЖЭО-да жылыту маусымының 176 күнінің 105-інде қазандықтардың апаттық тоқтауы орын алған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов осы қыста «апат болған» Теміртаудағы ЖЭО-2-ге барды.

Өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өндірістік директоры Вадим Басин әкімге ЖЭО-дағы жағдай туралы мәлімдеді.

«Қазандық жабдықтары жай жөндеуді емес, кешенді жаңартуды қажет етеді, - деп хабарлады Вадим Басин, 2017 жылы жүргізілетін жөндеу жұмыстары бағдарламасының бекітілгенін қоса отырып».

Облыс әкімі стансаға қарайтын "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын алдағы жылыту маусымында апаттық жағдайларға жол бермеуге шақырды.

Келесі жылыту маусымына дайындық үшін 2 млрд 100 млн теңге қарастырылған. Үш қазандық пен бір турбогенераторды жөндеу көзделуде. 

Соңғы жаңалықтар