Король Артурдың аңызға айналған семсерін ұрлап кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз қаскүнемдер  Уэльстегі көлдердің бірінің жағасына жартасқа қадай бекітілген семсерді ұрлап кеткен. 

Бұл король Артурдың аңызға айналған қаруын бейнелейтін семсер еді.

Қара металдан жасалған қару осыдан екі жыл бұрын Брекон Биконс тауының етегінде, Ллангорс көлінің жағасындағы жартасқа цементтің көмегімен бекітілген болатын.

Болжам бойынша осы маңда король Артур Камелоттың қамалы болған, деп хабарлайды Daily Mail. 

Соңғы жаңалықтар