Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университет 80 жылдығын атап өтуде

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылордада Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университеттің 80 жылдық мерейтойы аясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың өзекті мәселелері мен  перспективалары» тақырыбындағы шара барысында Қазақстан, Ресей, Корея, Бельгия, Түркия және тағы басқа елдердегі ЖОО-лар басшылары баяндама жасады.
null 

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтың алдыңғы қатарлы оу орнын мерейтоймен құттықтап, бәсекеге қабілетті маман даярлаудағы университеттің жетістіктерін атап өтті.

 «Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев адами капиталдың құндылығын жақсартуға, ең алдымен жастардың білім деңгейін көтеріп, бәсекеге қабілетті маман даярлауға аса мән береді.  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті алдағы уақытта да бұл құрметті миссияны абыроймен атқаратынына сенімдімін», - деп атап өтті аймақ басшысы.
null null 

Айта кетейік, мерекелік шаралар бағдарламасы белгілі ғалым-математик Асан Дабысұлы Таймановтың 100 жылдығы құрметіне ұйымдастырылатын «Тайманов оқулары» шарасымен жалғасатын болады. А.Тайманов 1947 -1954 жылдар аралығында университеттің жоғары математика кафедрасының меңгерушісі болған.
null 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрылу тарихы 1937 жылы Қиыр Шығыстағы Корея институтын Қызылордаға көшіруден басталады. 1998 жылдың 24 наурызында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтымен бірігіп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды. Қазіргі таңда университетте 4649 студент, магистрант және докторант оқуда, оқу ордасында 7 факультет және 30 кафедра жұмыс істейді.

 

Соңғы жаңалықтар