Көркем гимнастикадан «Жаса Отаным-2017» ашық чемпионаты өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда көркем гимнастикадан «Жаса Отаным-2017» ашық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласының ақпараттық-спорттық хабі таратқан мәліметке сәйкес, қарашаның 24-і мен 26-ы аралығында «Достық» спорт кешенінде өтетін турнирге Қазақстаннан және шетелдерден келген 900-ге жуық спортшысы бақ сынайды.

Алғаш рет айтулы додаға Ресей спортшысы, Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері, көркем гимнастикадан 13 дүркін әлем чемпионы, Еуропа чемпионы, I Еуропа ойындарының төрт дүркін чемпионы, көркем гимнастиканың ең жас абсолюттік әлем чемпионы Яна Кудрявцева келеді.

Айта кетерлігі карашаның 27-сі күні, «Достық» спорт кешенінде Яна Кудрявцеваның қатысуымен шеберлік сабағы өтеді.
null 

Соңғы жаңалықтар