Қорғастағы кісі өлімі: Прокурор айыпталушыны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

None
None
  ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Қорғастағы адам өліміне байланысты сот отырысы жалғасуда. Прокурор судьядан айыпталушы Диас Кәріпжановты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Прокурордың сот залында айтқан мәліметіне сәйкес, айыпталушы Кәріпжанов пен марқұм болған Төлегеновтың арасында бұған дейін бірнеше мәрте кикілжіңнің болғанын растады. Ал жәбірленуші тараптың қорғаушысы бұл өте жеңіл жаза деп санайды. Сондықтан соттан сотталушыға қатаң жаза беруді талап етті. Сонымен қатар, Кәрібжанов марқұмның туыстарына 2 591 200 теңге материалдық шығын мен 2 миллион теңге моральдық шығын өтеп беруге міндеттелді.

null

Естеріңізге сала кетейік, сот процессі 22 тамызда басталды. Алайда айыпталушы орындығында отырған Диас Кәріпжанов тағылған айыппен келіспейтінін жеткізді. Оның сөзінше, ол Қуаныш Төлегеновты қасақана өлтірмеген және ол істеген әрекетіне қатты өкінетінін, қылмысын жартылай мойындайтындығын жеткізді. 22 жастағы күдікті ҚР ҚК 99-бабы яғни, «Қасақана адам өлтіру» фактісі бойынша айыпталуда.

Айта кету кетейік, бұл оқиға биыл 4 маусымда «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығының аумағында болды. Панфилов ауданының тұрғыны Д. Кәріпжанов өзінің танысы Қ. Төлегеновпен өзара сөзге келіспей, оның кеуде тұсына пышақ сұғып алған. 25 жастағы азамат алған жарақатынан кейін Жаркенттегі ауруханаға жетпестен көз жұмды. Адам өлтіру оқиғасы бейнебақылау камерасына түсіп қалған болатын.

Соңғы жаңалықтар