«Қорғаста» халықаралық санаториялық-сауықтыру орталығы салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында биыл қазақстандық-қытайлық санаториялық-сауықтыру орталығының құрылысы басталады, деп хабарлады «Синьхуа».

Агенттіктің деректеріне сәйкес, орталық Қытай және оған жақын орналасқан елдердің тұрғындарына қызмет ететін болады.

Жоспарлы бала туу  және денсаулық сақтау  істері комитетінің басшысы Тань Дахайдың айтуынша, санаториялық-сауықтыру орталығы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қытайлық бөлігінде салынады және оған қытай, қазақ, ұйғыр, моңғол, тибет медицинасының мамандандырылған емдеу корпустары енгізіледі.

Орталық міндеттерінің тізбесіне медициналық зерттеу, салауатты өмір салтын қолдау, денсаулық жағдайын тексеру, сауықтыру қызметтерін көрсету кіреді. 60 шаршы метр алаң 330 орынмен жабдықталады.

Соңғы жаңалықтар