«Қорғас» ШЫХО: Жүк тасымалдау жүйесі ретке келмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қорғас» шекара маңы халықаралық орталығы (ШЫХО) жолаушылар және жүк тасымалдау жүйесіне өзгеріс енгізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қорғас» ШЫХО баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, келушілер саны былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге өскен.

«Былтыр ШЫХО-ның қазақстандық жағынан 1800-ге жуық адам кірсе, қазір бұл көрсеткіш 3000 туристке дейін жетеді. 2017 жылы «Қорғас» ШЫХО қазақстандық бекеті 1 миллион 134 мың адамды қабылдады. Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Бүгінде автобустар арқылы заңсыз жүк тасушылармен күрес жұмыстары қолға алынды. Солардың кесірінен біраз кептелістер орын алып жатады», - делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

Соңғы күндері енгізілген өзгеріске сәйкес, енді бір жолаушы өзімен бір ғана сөмке алып жүре алады. Ал басқа жүктер «Қазпошта» пункттері арқылы жүзеге асады. Бұл регламент кеден қызметімен келісілді. 

«Жазға қарай жаңа автобус паркі ашылмақ. Жаңадан 50 автобус сатып алынады. Осылайша, жолаушылар автобусы жүк тасымалдаудан шеттетіледі. Әр автобусқа жүк терминалдары орнатылады. Сондай-ақ, ШЫХО қытайлық жағынан жүк қабылдайтын тағы 3 орталық ашылады деп күтілуде. Жемқорлық фактілерін барынша азайту жұмыстары жүргізіледі», - деп мәлім етті «Қорғас» ШЫХО баспасөз қызметі. 

«Қорғас» ШЫХО жолаушылардан уақытша орын алған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Жақын күндері жолаушылар және жүк тасымалдау жүйесі ретке келмек.

Соңғы жаңалықтар