«Қорғас» ШЫХО-ында өткен жəрмеңкеге 6500-ден аса қытай азаматтары келді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында өткен жəрмеңкеге 6500-ден аса қытай азаматы келіп қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Наурыз мерекесіне орай өткен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жəрмеңкесінде отандық тауар көрмесі де  ұйымдастырылды.  Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасы мен  өңірлік "Атамекен"  кәсіпкерлер палатасы,  "Қорғас" ШЫХО  қызметкерлері  ұйытқы  болған шараға 40-тан аса кәсіпкер қатысты. Олар ет, сүт, кондитерлік өнімдермен қатар табиғи таза бал жəне басқа да азық-түлік түрлерін келушілерге ұсынды.

Шекара маңындағы мерекеде ұлттық ойындар да шара көркін қыздырды. Балуандар қазақ күресінен бәсекеге түссе, ат құлағында ойнайтын  білекті  де жүректі жігіттер көкпар тартысты.  Қос мемлекеттің көкпаршылары қатысқан додада  отандастарымыз  алдына жан салмады.  Ал, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жəрмеңкесі алдағы уақытта да өтетін болады.

Айта кету керек, 2016 жылы қытай елінің тұтынушылары жалпы құны 436 млн долларға  қазақстандық тауар өнімдерін алды.

Соңғы жаңалықтар