«Қорғас» ШЫХО-на 2 миллионыншы турист тіркелді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында  2 миллионыншы турист тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ол Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны.

Жүсіпова Салтанат Кенжалықызы 2017 жылдың 16 наурызында сағат 09:30- да шекаралық бақылау бекетінен өткен. Салтанат Жүсіпова «Полиграф 206» ЖШС-нің жетекшісі.

Арнайы экономикалық аймақта Наурыз мейрамын тойлау барысында ұйымдастырушылар 2 миллионыншы туристі құттықтап, құрмет көрсетті.

Бүгінгі таңда «Қорғас» ШЫХО-ның еркін сауда жасауға арналған жерге келушілер саны күн санап өсуде. Орта есеппен күніне 2500-3000 адам келеді. 2017 жылғы болжам бойынша аталған аймаққа Қазақстан тарапынан жалпы келушілер саны 830 мыңнан асады. Ал 2016 жылы олардың саны 671 мыңға жетсе, 2015 жылы келушілер қатары жарты миллионнан асқан.

Айта кету керек, қазір «Қорғаста» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жəрмеңкесі өтіп жатыр. Шара 26 наурызға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар