Қорғас құрғақ порты жапон журналистерін таңғалдырды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - «Kyodo News» жапон ақпарат агенттігінің Қытайдағы бас бюросының тілшісі Татсуми Томоджи Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің (АӨСШК) үкіметтік емес форумының екінші конференциясындағы баяндамасын Қорғас құрғақ портына арнады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы тілшісі.

«Бір жол, бір белдеу» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын ҚХР мен Еуропа арасындағы құрлықаралық көпір құрылысының Орталық Азия үшін қаншалықты маңызды екендігін түсіну үшін біз өз тілшілерімізді Қытай және Қазақстан арасындағы шекара аумағына, нақтырақ айтсақ, ҚР аумағындағы «Қорғас - Шығыс қақпасы» құрғақ портына жібердік», - деді ол «Азиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын, бірыңғай тағдыр қоғамдастығы құрылысын  өрістету - Азиа қауіпсіздігін қамтамасыз етуде БАҚ-тың рөлі» атты дөңгелек үстел барысында.

«Бұл, - деді ол, - өзінің атына лайық жазық дала ортасында орналасқан құрғақ порт. Алайда, ішкі Ухань және Чунцин порттарымен салыстырғанда, онда үлкен өзен жоқ, бұл көптеген жүк пойыздары өтетін, тауар алмасуға арналған үлкен контейнерлік тасымал базасы».

«Бұл ауданның көлемі шамамен 130 гектар жерді қамтитындығы таңғаларлық, ал күнделікті жүк тасымалының жиілігі 18 мың контейнерге жетеді. Жазық далада қазіргі уақытта қала салынып жатыр және 2035 жылға қарай тұрғындар саны 100 мың адамға жетеді деген болжам бар. Басқаша айтқанда, «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасының аясында жазық дала адамдар бұрын соңды көз алдарына елестетіп көрмеген экономикалық дамуға мүмкіндік ашты», - деді Татсуми Томоджи.

Оның айтуынша, «Қорғас - Шығыс қақпасы» құрғақ портының алдағы дамуы Қазақстанның экономикалық дамуына ықпал етіп, елдегі қоғамдық қауіпсіздіктің нығаюына септігін тигізеді. 

Соңғы жаңалықтар