Қорғаныс өндірісіне жаңа механизмдер енгізілетін болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық ғарыш орталығында 2017 жылдың қорытындысы мен «Төртінші өнеркәсіп жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының халыққа Жолдауы тұрғысынан ағымдағы жылғы негізгі тапсырмалар бойынша ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ҚР ҚАӨМ) алқасы өтіп жатыр.

Алқа жұмысына Елбасының көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Владимир Жұмақанов, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және басқа да мемлекеттік орган, бағынысты ұйымдар мен кәсіпорындар басшылығы қатысты, деп хабарлайды Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

 Бүгінгі таңда министрлік елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін тиімді түрде іске асыруға мүмкіндік беретін саланың нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырудың жаңа механизмдерін реттейтін және отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенін қолдау шараларын қарастыратын «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс» заңының жобасы ҚР Парламентіне қарауға енгізілді. 

2018 жылдан бастап Қорғаныс министрлігінің қорғаныстық тапсырыс бюджеті ҚР ҚАӨМ өтеді. Бұл  әлеуетті органдарды өзіне тән емес функциялардан босатады және қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорнының ілгерілемелі дамуын қамтамасыз етеді.

Қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттің жаңа технологиялық мүмкіндіктерін құруға бағытталған саланың тұжырымдамалық негіздері жүзеге асырылуда.

Министрліктің басты жұмыс бағыттары қатарына ҚР қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздік саласындағы мәселелерді шешу үшін қару-жарақтың жаңа және перспективті түрлерін, техниканы өндірудің және қызметтерді көрсетудің толық циклін басқаруы да жатады. 

Соңғы жаңалықтар