Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі Астана көшелерін әуенге бөлейді
Бүгін 5 шілдеде сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін әскери музыканттар қала әкімдігінің алдындағы орталық алаңда плац-концерт өткізеді.
Ал кешке сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін сол жақ жағалаудағы «Бәйтерек» кешені жанында Band-marafon болады.
Келесі күні, 6 шілдеде таңертеңгі сағат 11-де Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі Республика даңғылы бойынша марш-парад жасайды. Музыкалық шерудің басы Самал шағынауданынан басталып, ал соңғы нүктесі әкімдік жанындағы орталық алаң болмақ.
Түстен кейін Орталық әскери оркестр басқа творчестволық ұжымдармен бірге Қазақ Елі алаңындағы гала-концертке қатысады.
Өнер көрсету барысында әскери марштар мен классикалық әуендер әуелеп, қазіргі заманғы композициялар да ойналатын болады. Астаналықтар әскери музыканттардың кәсіби шеберліктерін өз көздерімен көре алады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен..