Қорғаныс министрлігі Астана аэродромы маңында ұшуға шектеу қойылмағандығын мәлімдеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігі Астана қаласында әуе кеңістігінің жабылуына қатысты ақпаратқа орай ресми мәлімдеме таратты.

«ҚР Қорғаныс министрлігі тарапынан «Астана» және «Қарағанды» аэродромдары аудандарында әуе кеңістігін пайдалануға ешқандай шектеу қойылмағандығы туралы хабарлаймыз», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Министрліктің мәлімдеуінше, әскери әуе кемелерінің белгіленген жол бағыттары азаматтық авиалайнерлердің «Астана» аэродромынан ұшып-қону кезіндегі ұшу кестелеріне кедергі жасаған жоқ.

Сонымен қатар, жаттығулар аяқталғанға дейін азаматтық әуе кемелерінің ұшуына тиым салу шешімі Астана қаласы әуежайының диспетчері тарапынан өз бетінше қабылданған.

Қазіргі кезде әскери авиацияның парадқа дайындық күні мен қысқа уақыттық шектеулер уақыттары нақтыланған және аэронавигациялық ақпаратқа (NOTAM) өзгерту енгізу туралы хабарламаға енгізілген, бұл авиакомпанияларға ұшып-қону уақыттарын уақтылы реттеуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай әскери шеруге дайындық және өткізу кезеңіне байланысты әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімге шектеу енгізілетіндігі хабарланды . Сонымен қатар, Астана әуежайы әскери шеруге дайындыққа байланысты уақытша ұшу кестесін өзгертеді.

Соңғы жаңалықтар