Корейлік Kookmin Bank Центркредит банкіндегі өз үлесін Цеснабанкке сатпақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Корейлік Kookmin Bank Центркредит банкіндегі өз үлесін Цеснабанкке сатпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның қор биржасына сілтеме жасап.

«Банкцентркредит» АҚ-ның акционері және оның орналастырылған жалпы акциялар санының 41,93 пайызына иелік ететін Kookmin Bank «Банкцентркредит» АҚ-ындағы өзіне тиесілі барлық акцияларды әлеуетті сатып алушы ретінде «Цеснабанк» АҚ, «Цесна» Қаржы холдингі АҚ және Бәйсейітов Бақытбек Рымбекұлынан тұратын концорциумды таңдады», - делінген Цеснабанктің КАСЕ сайтында жария етілген хабарламасында.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, мәміле реттеуші органдар тарапынан мақұлдануы тиіс. Дегенмен, «Банкцентркредит» АҚ акционерлерінің ауысу процесі 2017 жылдың екінші тоқсанында толық аяқталады деп күтілуде.

Банк толық ақпаратта нақты шарттар келісіліп, тараптар арасында сату-сатып алу туралы сәйкесінше келісімдер жасалған соң жария етпек.

Айта кетейік, Kookmin Bank-тің Центркредит банкіндегі өз үлесін сататындығын The Korea Times басылымы хабарлаған еді.

Соңғы жаңалықтар