Кореялықтар Қорқыт Ата университетіне 69 компьютер сыйлады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Корея Республикасы Чолланамдо провинциясының Білім департаменті делегациясы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне сапармен келіп, компьютер орталығының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі университетке сілтеме жасап.

Делегацияның құрамында Чолланамдо провинциясының Білім департаменті әкімшілік бюросының директоры - Ли Чон Бам мырза, Чолланамдо провинциясы Білім беру департаментінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бөлімінің басшысы Ким Джангван мырза, сондай-ақ осы департамент қызметкері Парк Ю ханым мен Кангнам университетінің профессоры Доктор Ким Фил бар.
null

Айта кетейік, Корея Республикасы Чолланамдо провинциясының Білім департаменті өзара ынтымақтастық негізінде Қорқыт Ата университетіне LG маркалы 69 компьютер сыйға тартты. Компьютерлік орталықта студенттер аралық және қорытынды бақылау жұмыстарын тапсыра алады.

Жыл сайын университеттің халықаралық қатынастары кеңейіп келеді. Университеттің халықаралық қызметі әлемдік білім беру және ғылым қоғамдастығына одан әрі ықпалдасуға бағытталған. Бүгінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Австрия, Испания, Италия, Польша, Корея, Түркия, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Египет және Ресей мемлекеттерінің жоғары оқу орындарымен, білім беру және мәдениет орталықтарымен, жетекші ғылыми орталықтарымен әріптестік байланыс орнатып, халықаралық қатынасты дамыту мақсатында 80-нен астам меморандумдарға қол қойылған.
null

Жиын соңында Чолланамдо провинциясы Білім департаментінің әкімшілік бюросының директоры Ли Чон Бам Қорқыт Ата университетімен әріптестік ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына ықпал жасайтынын айтып, университет ұжымының жұмысына табыс тіледі. 

Соңғы жаңалықтар