Кореялық депутаттар ЭКСПО-2017 нысандарына жоғары баға берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанға ресми іс-сапары аясында Корея Республикасының депутаттары, Ұлттық Ассамблеясының төрағасы Чон Сэ Гюннің бастауымен «Нұр Әлем» - «Болашақ энергиясы» мұражайына келді. Бұл туралы ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оларға еліміздің басты көрікті нысанына экскурсия өткізілді.

«Нұр Әлем» экспозицияларымен Оңтүстік Кореяның партия өкілдері, сондай-ақ, Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясы сыртқы істер және бірлестігі, әйел және отбасы, ұлттық саясат, стратегия және қаржы, білім, мәдениет, спорт және туризм жөніндегі комитет мүшелері танысты.

Қазақстан жағынан қонақтарды ҚР Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Божко мен «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Аллен Шәйжүнісов қарсы алды.
null 

Экскурсия барысында оңтүстік корялық депутаттар ЭКСПО-2017 мұрасы нысандары мен Ұлттық компания қызметіне жоғары баға берді.

Чон Сэ Гюн мырзаның айтуынша, танымдық көзқарас жағынан «Нұр Әлемді» аралау өте пайдалы да, қызықты болды.

«Бұрын мен индустрия және энергетика министрі лауазымын атқардым, сондықтан біз дәстүрлі энергия көздеріне тәуелді болмай, «жасыл» технологиялар мен баламалы энергия көздерін дамыту және ілгерілетуді алға қоюмыз қажет. Мына бірегей мұражайды көріп, мен, Қазақстанның алдыңғы қатарлы елдермен бірге дұрыс бағытта келе жатқанын түсіндім», - деп оңтүстік кореялық Парламент спикері атап өтті.

Сондай-ақ, Оңтүстік Корея Ұлттық Ассамблеясының төрағасы өз елінің ЭКСПО-2017 көрмесіне жіті дайындалып, «жасыл» энергетика саласындағы жаңалығын ұсынғанын айтып кетті.
null 

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық павильонымызға келгені біз үшін үлкен абырой. Астанада өткен көрменің Қазақстан экономикасының дамуына үлкен серпін беретініне сенімдімін», - деді Чон Сэ Гюн.

Өз кезегінде Ұлттық компания басқарма төрағасының орынбасары Аллен Шәйжүнісов аса құрметті қонаққа Көрме мұрасына қызығушылық танытып және Кореяның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар