Кореяда үйсіз-күйсіз жүрген қазақстандықтар аз емес - ҚР СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Оңтүстік Корея екіжақты визасыз режимді енгізгеннен кейін қазақстандық имигранттардың саны күрт өсті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәселен, ағымдағы жылдың ортасында Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға заңсыз көшіп барғандардың саны 5 500 адамды құраса, жылдың аяғына қарай аталған көрсеткіш 6 500-ден асты. Былайша айтқанда, ол жақта заңсыз еңбек мигранттарының саны күрт көбейді», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мадиев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, қазақстандықтар Оңстүстік Кореяда заңсыз жүргеннен кейін сан алуан жағдайларға тап болады. Қылмыс жасайды.

«Адам өлтіруден бастап зорлық-зомбылық, өрт салу мен ұрлыққа дейін барады. Қаңғыбас болып кеткендер де бар. Кореяның ақпараты бойынша қазір қара риэлторлар тобы бар. Олар қазақстандықтарды жинап, Кореяға заңсыз жұмысқа жіберіп отырады. Ондай адамдар қара жұмыс істеп, жан түршігерлік жағдайда өмір сүреді. Оларда ешқандай еңбек келісімшарты да, ешқандай медициналық сақтандыру да болмайды. Жарақат алса да, елге оралмайды. Қаңғыбас болып жүре береді», - деп атап көрсетті А.Мадиев.

Соңғы жаңалықтар