Корея түбегінде енді ешқашан соғыс болмайды - Мун Чжэ Ин

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Корея Республикасы мен КХДР арасындағы диалог жаңартылуы тиіс. Бұл туралы Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин қызметке келуіне 100 күн толғанына орай өткізген баспасөз конференцияда мәлімдеді, деп жазды ТАСС.

«Диалог қайта басталуы тиіс. Бірақ бұл істе шыдамсыздық танытуға болмайды. Он жылдық үзілген байланысты еңсеру үшін уақыт, зор күш-қуат қажет», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар Мун Чжэ Ин «Солтүстік Кореямен диалогты жаңарту дұрыс қарым-қатынас жағдайында ғана мүмкін екенін атап өтті.

Оңтүстік Корея президенті жиын барысында АҚШ Корея Республикасының келісімінсіз соғыс бастамайтынын атап айтты.

Соңғы жаңалықтар