Корея СІМ-і Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік сапарына баға берді

None
None
СЕУЛ-АСТАНА. ҚазАқпарат - Корея Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия елдерімен саяси және экономикалық қатынас мәселелеріне жетекшілік ететін Еуропа бойынша бөлімшесінің директоры Су Сок Лим (Soosuk Lim) ҚазАқпарат тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Кореяға келген мемлекеттік сапарының қорытындысын айтты.

 «Пак Кын Хе ханым мен Президент Назарбаев арасында достық қатынас орнады. Осы жолы біздің елге мемлекеттік сапармен келгені   біз үшін аса маңызды болды. Себебі келесі жылы бізде елдер арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 25 жыл толады», - деп атап өтті ол ҚазАқпаратқа берген сұхбатында.

Ол Қазақстанның БҰҰ-ға тұрақты емес мүше болып сайланғанын еске салды. 2017 жылы Қазақстан ЭКСПО халықаралық көрмесін ашады. «Осылайша, Қазақстан мемлекеттік мәртебесін көтереді. Біз мызғымас әріптеске айналамыз. Қазақстандағы көрмеге қатысу үшін кореялық компаниялар барады деп ойлаймын. Олар Кореяның үлкен экспозициясын ашады. Ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан Қазақстан Солтүстік Кореяға жақсы үлгі болады және осы мәселеде бізге жақсы әріптес болады деп күтеміз», - деп хабарлады Корея СІМ өкілі.

Еске салсақ, Қазақстан Президенті Оңтүстік Кореяға қараша айының басында барды. Мемлекет басшысы президент Пак Кын Хемен келіссөз жүргізді. Енсей университетінің оқытушыларымен, студенттерімен кездесті. Отаны үшін жанын қиған жандарға арналған монументке гүл шоқтарын қоюға қатысты, оларды бір минут үнсіздікпен еске алды. «Қазақстанға деген қызығушылық басым. Біздің делегацияға ерекше көңіл бөлді. Тиісті құжаттарға, оның ішінде Корея үшін Орталық Азиядағы Қазақстанның стратегиялық мәнін айқындайтын бірлескен мәлімдемеге қол қойдық», - деді Н. Назарбаев отандық БАҚ-пен өткен брифингте.

Соңғы жаңалықтар