Корея Республикасы мен КХДР арасында келіссөздер басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні таңертең Пхамунджом шекара бекетінде Корея Республикасы мен КХДР арасындағы қатынастарды  қалыптастыру мақсатында өткен диалогтың бірінші раунды аяқталды. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Хабарламада айтылғандай, кореяаралық келіссөздердің басты тақырыбы  Сеул мен Пхеньян арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға қадам жасау, оның ішінде КХДР спортшыларын Пхенчанда өтетін қысқы Олимпиадаға қатыстыру болды.

Қос тараптың келісөздер тобына бес-бес адамнан кіреді. Корея Республикасының  делегациясын бірігу министрі Чо Мён Гён бастап келсе, КХДР жағына Кореяның бейбіт бірігу комитетінің төрағасы  Ри Сон Гвон басшылық етеді.

Соңғы жаңалықтар