Корея Президентін Қазақстанға сапармен келуін күтеміз - Назарбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея Президенті Мун Джэ Инді Қазақстанға сапармен келуін күтеміз. Бүгін Ақордада бірқатар шет мемлекеттің Төтенше және Өкілетті Елшісінен сенім грамотасын қабылдаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан өз егемендігінің алғашқы кезеңінен бастап әлем елдерімен сындарлы саясат жүргізіп келеді. Корей Республикасы біздің Азиядағы  негізгі бір серіктесіміз болып табылады. Мен Сеулге былтырғы қарашадағы мемлекеттік сапарымның нәтижесін жоғары бағалаймын. Қол жеткізілген уағдаластықтар стратегиялық серіктестігімізді  нығайта  түсуге септігін тигізеді деп сенемін», - деді Қазақстан Президенті.

Осы орайда Мемлекет басшысы Кореяның жаңадан сайланған президентіне жолдаған құттықтауында осы бағдарламаны одан  ары қарай жүргізетііндігіне сенім білдіргенін және Қазақстанға шақырғанын атап өтті.

«Қазақстан экономикасы үшін - Оңтүстік Корея өңірдегі ең ірі инвесторлардың бірі болып саналады. Қазақстанның  дипломатиясы әр уақытта Солтүстік Кореямен жағдайдың келіссөзбен шешілуіне септігін тигізеді. Ол түбекте бейбітшілік орнауына біз тілектеспіз. Екіжақты ынтымақтастық барлық  салада одан ары дамыту жолдарын талқылау  үшін президент Мун Джэ Инді Қазақстанға  сапармен келуін күтеміз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысына Оңтүстік Корея Елшісі Ким Дэ Сик, Индонезия Елшісі Рахмат Прамоно, Румыния Елшісі Чезар-Маноле Армяну, Сербия Елшісі Владан Матич сенім грамотасын табыс еткен болатын. 

Соңғы жаңалықтар