Корея президенті Қазақстан халқына алғыс айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Корея Республикасының президенті Мун Дже Ин 1937 жылы кәрістердің қазақ еліне жер аударылғанына биыл 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған шарада өз халқы атынан қазақ жұртына алғысын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматыда Қазақстан кәрістері Қазақ жеріне жер аударлығанына 80 жыл толғанын еске алып, Республика сарайында салтанатты кеш өткізді.

null
null null 

Салтанатты кешке Қазақстандағы кәрістер мен Корея Республикасынан арнайы қонақтар келді. Кештің ашылуында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шараға орай жолдаған хатын оқып берді.

null null  

«Құрметті отандастар, кәрістердің Қазақстанда тұрып жатқанына 80 жыл толған мерейлі мерекемен Сіздерді құттықтаймын. Сіздер төзім мен еңбектің арқасында, ынтымақ пен қазақ халқына түскен қиындықты бөлісе білген бірліктеріңізбен ауыртпашылықты көтере білдіңіздер. Бүгінде кәріс этносы- тұтас Қазақстанның ажырамас бөлігі, ал оның өкілдері Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, ғылыми саласына өлшеусіз үлес қосып келеді. Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы еліміздің бірлігіне қызмет ететін азаматтық қоғамның тиімді институтына айналды. Тарихи отанымен қарым-қатынасын сақтай отырып, кәріс этносының көптеген өкілі осы әлеуеттерін Қазақстан мен Кореяның әріптестігі мен ынтымағын арттыруға жұмсап келеді», -делінген Елбасы хатында.

null 

Елбасы хаты оқылғаннан кейін, Корея Республикасының Президенті жолдаған бейнеқұттықтау көрсетілді.

«Қазақстан мен Кореяның достығын нығайту жолында Сіздер аз күш жұмсаған жоқсыздар. Мен Сіздермен мақтанамын. Қазақстанда кәрістерді құрметтейді, тіпті «төртінші жүзге» жатқызады. Мен мұны Қазақстанға жер аударылған алғашқы буынның еңбегінің әрі Қазақстанның толерантты саясатының нәтижесі деп есептеймін. Кәріс диаспорасының алғашқы буынына, әрі Қазақстан Президентіне алғысымды білдіремін. Олардың өткені,сол жылдардағы қиындықтарды еңсере білген Қазақстанның да, Кореяның да мақтанышы. Қазақстанда Кореяның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы тұлғалардың ұрпақтары өмір сүріп жатыр. Корея Республикасы оны ешқашан ұмытпайды, Сіздер сол тарихтың тірі куәгерісіздер. Біз Сіздердің ұлттық тұтастықтарыңыздың сақталуына белсенді қолдау көрсететін боламыз. Бүгінгі мереке өткен күннің естелігі, жарқын болашақтың үміті болсын деп тілеймін. Корея халқының атынан сәлемімді қабыл алыңыздар», - деді Корея Республикасының Президенті Мун Дже Ин бейнежазбада.

null null  

Осыдан кейін Корея Ұлттық Ассамблеясының спикері Чон Сегюнның бейнеқұттықтауы көрсетілді. Қазақ халқына алғысын білдірген Чон Сегюн Кореядағы ішкі саяси оқиғаларға байланысты аталған мерекеге келе алмағанын айтты.

null 

«Елдегі ішкі саяси жағдайға байланысты Сіздерді жүзбе-жүз емес, бейнежазба арқылы құттықтауға тура келді. Біз экономиканы дамытуға ден қойған жылдары, Сіздердің отанымызға деген сағыныштарыңыз бен ауыртпашылықтарыңызға көңіл бөле алмадық, сол үшін кешірім сұраймыз. Біз Сіздерді Қазақстанда сыйлайтынын білеміз. Сіздер Қазақстанның лайықты азаматы бола білдіңіздер», - деді Чон Сегюн.

Салтанатты кешке Корея Республикасының астанасы - Сеул қаласынан арнайы келген ұлттық аспаптар оркестрі өнер көрсетті. Кеште Қазақстандағы жер аударылған кәрістердің алғашқы буыны, 6 ақсақалға ҚР Президенті мен Корея Ұлттық Ассамблеясы төрағасының атынан Алғыс хат табыс етілді.

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар