Корея ЭКСПО-2017 көрмесіне сутегімен жүретін автомобиль әкеледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Корея Республикасы елордада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне сутегімен жүретін автомобиль әкеледі. Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырғаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген аталған елдің Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Дэ Сик мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Екі елдің арасында электронды үкімет, мемлекеттік басқару, болашақ энергиясы, адами ресурстарды басқару сынды салалардағы ынтымақтастықты дамыту үшін бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын. Қазақстандағы корей диаспорасының екі елдің арасындағы ынтымақтастықты дамытуға баға жетпес үлес қосқандығын баса айтқым келеді. Астана қаласындағы Корей мәдени орталығы корей мәдениетінің дамуына және екі халықтың арасындағы алыс-берісті дамытуға қомақты септігін тигізуде», - деді ол.

Ким Дэ Сиктің сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Корея Үкіметі елордамызда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі табысты өтуі үшін жан-жақты дайындық жүргізіп жатыр.

«Корей павильоны сутегі отынымен жүретін автомобиль, энергия үнемдейін құрылғы сынды жаңа технологияларды көрсететін болады», - Корея Елшісі.

Айта кетерлігі, Елшіден сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Корея Президенті Мун Джэ Инді Қазақстанға сапармен келуін күтетіндігін айтқан болатын.

 

Соңғы жаңалықтар