Қордайда Қазақстан мен Қырғызстан Парламент мүшелерінің кездесуі өтті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат -  Қордай ауылында бүгін ҚР Парламенті Сенаты Комитетінің басшысы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен қазақстандық және қырғызстандық депутаттардың парламентаралық кездесуі өтті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Кездесу алдында делегация қазақстандық «Қордай» кедені мен қырғызстандық «Ақжол» өткізу пункттеріне барды, жаңа жабдықтарды тамашалады.

Қатысушылар - төрағасы Асқарбек Шабиевтің басшылығымен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің  Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары және  ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері болды.
null  

Кездесуде екі елдің өзекті мәселелері талқыға түсті, атап айтқанда, трансшекаралық өзендер бойынша су бөлу, жамбылдық аграршыларды суармалы сумен қамтамасыз ету, екі елдің шаруашылық етуші субъектілері арасында сауда-экономикалық байланыстарды, кедендік проблемалар мен ветеринариялық және фитосанитарлық бақылауды ретке келтіру.
null  

 «Кездесуіміз Жамбыл облысының қуатты да серпінді дамып келе жатқан өңірлерінің бірі Қордайда өтуі өте орынды. Қазақстан Қырғызстанмен дипломатиялық қатынасты орнатуының 25 жылдығын атап өтуде, әрі  биыл Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы мәңгілік достық туралы шартқа қол қойғанға 20 жыл толады. Бүгінгі кездесу біздің достық тату көршілік қатынасымыз бен оны нығайтуға деген ұмтылысымызды растай түседі», - деді кіріспе сөзінде Дариға Назарбаева.
null  

Екі елдің түрлі саладағы қатынасы шарттық-құқықтық базамен бекітілгені атап өтілді, осы жылдары  150-ден астам құжатқа қол қойылды. 2015 жылғы маусымда Жогорку Кенеш төрағасы А Жээнбековтің Астанаға жұмыс сапары аясында Қазақстан Парламенті мен Жогорку Кенеш арасындағы ынтымақтастық бойынша парламентаралық кеңес туралы келісімге қол қойылған.

null null null null  

Соңғы жаңалықтар