Қоралы қойы болса да жағдайы жақсармаған бақташылар - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

***

Нарықтағы бақташы ауылының халі қалай? - kaznews.m

null 

Осындай тақырыппен Моңғолияның kaznews.mn ақпараттық сайтында мақала жарық көрді. Жазба авторы Айбота Әлейханқызы қазіргі қазақ шопандарының нарық заманына қалай бейімделіп отырғандығы туралы ой қозғайды.

Автор мақаласын бүгінгінің тілімен айтқанда, «жеке кәсіпкер» саналатын мал шаруашылығымен айналысатын ағайынның кейбір күрмеулі мәселерімен бастайды.

«Әр бір бақташы отбасы жеке кәсіпкер болып саналады. Малдан алынатын өнімдер арқылы күнкөріс қамын жасап, ал жаз маусымында қыстық азық-түлігін әзірлейді.

Ауылдағы әжелеріміз бен қыз-келіншектеріміз жаз бойы сауын сауып, қапты құрт, қарынды майын алып жатады. Өздерінен артылғанын белгілі мөлшерде сатып пайда көретіндер де бар. Дегенмен бұл жеткіліксіз. Кейбір ауылдарда мал басы өскендіктен ұсақ малды сауа алмай отырған жағдай да жоқ емес. Сауып алған сүттен ақ тағам өндіру дегеніміз үлкен еңбекті қажет етеді. Бұл үшін аналарымызға көмекшілер қажет екені де рас. Көптеген қыздарымыз оқу оқып, қалалы жерлерде тұрақтанған, оның үстіне қолғанаты жоқ отбасылар үшін мұның бәрі оңайға түспейтіні қақ. Сондықтан өз шамалары келгенінше ақ тағамын дайындайды» деп жазады автор.

А. Әлейханқызының айтуынша, алыс отарға, жайлауларға кеткен шопандардан гөрі отырықшы елдімекеннің маңындағылар малдан алған өнімін базарға еркін жеткізуге болады.

«Отырықшы жерлерге жақын маңайдағы бақташылар үшін қолайлы. Себебі олар малдан алған өнімдерін дер кезінде сатып отырады. Мәселен аймақ орталығына жақын орналасқан бақташылар сүт, қымыз, т.б ақ тағам өнімдерін сатып, күнделікті керек-жарағын айырса, шалғай жерлердегі азаматтарға бұл мүмкіндік бұйырмаған. Малды сауып, саба піскеннен басқа лажы жоқ» дейді автор.

Жазба авторы өздері моңғол елі мал шаруасымен айналысатын ел бола тұра, қазіргі базар шаруашылығына еркін бейімделе алмағандықтан, қаладағы яғни, аймақ орталығындағы отандастарының Ресейден импортталған сүт өнімдерін алуға мәжбүр екенін жасырмайды.

«Ал, енді аймақ орталығындағы отырықшы азаматтардың аузына ақ тимей, базардан өйтіп-бүйтіп сусынның қабындағы сүттерді сатып алуға мәжбүр. Көршілес Ресей елінен келетін сүт өнімдерін аса қымбат бағаға алатынымыз да жалған емес. Соншама малдың ішінде отырып, сүт өнімдеріне жарымай отыруымыздың да себебі бар. Ұсақ-түйек жобаларға кететін қаржымен неге сүт зауытын салмасқа? Өз аймағымызда өндірілген өнімдерді қолжетімді бағада пайдаланбасқа? Көптеген бақташылардың айтар ойы да осы. Егер осындай жобалар іске асса, әр ауыл сүттерінің белгілі бір мөлшерін сүт зауыттарына өткізіп, кіріс көзін неге арттырмасқа?» деген күрмеулі мәселерді айта келіп, автор «...Енді осы санақтағы малдан түсетін өнімдерді есептей беріңіз. Қора толы қойы болса да, жағдайы жақсармай отырған бақташылардың хал ақуалын да бір сәт ойлайық. Осыншама малы бар, қазба байлықтар бай елдің қарызға белшесінен батуы, басқалардың күлкісін келтіретін шығар, бәлкім» деп түйін жасайды жазба авторы Айбота Әлейханқызы.

  

Дінмұхамед Қонаев өз заманының ұлы саясаткері  - TRT порталы

null 

Түркия радио теледидар порталының апта соңында осындай тақырыппен көлемді мақала жариялады. Мақала авторы Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы түркиялық қандасымыз Әбдіуақап Қара. 

«Бүгінгі «Тарих айдынында» сұхбатымызда, Кеңестік дәуір кезінде Қазақстан Компартиясын 24 жыл басқарған уақытта Мәскеудің өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын ойлаған мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевқа тоқталмақпыз» деп бастайды автор жазбасын.

Ғылым докторы Әбдіуақап Қара Дінмұхамед Қонаев тек басқарушы саясаткер ғана емес, ол ұлт руханиятын жаңғыртуға да зор үлес қосқан тұлға деп жазады. 

«Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен тарихына ерекше құрметпен қарайтын Қонаев белгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» атты тарихи романдарын жазуына жағдай жасап, Олжас Сүлейменовтің "Аз и Я" кітабына байланысты қудалануына араша түскен еді. Енді бүгінгі сұхбатымызда Қонаевтың өмірі мен елдік қызметі туралы әңгімелеп береміз» деп жазады ғалым.

Қонаевтің өмір таихы туралы айта келіп, мынадай ойларын да ортаға салады.

«...Қонаевтың саясаткер ретінде көзге түскен ерекшелігі оның Мәскеу белгілеген шешімдерді көзді жұмып орындаудан гөрі, оларда елдің мүддесін де қарастыруында еді. Ол кейде ел мүддесіне қайшы орталықтың саясаттарын жүзеге асырудан бас тартқан батылдыққа да барып отырған. Мұның бір мысалы ретінде 1979 жылы Мәскеудің Ақмола облысын неміс автономиясына айналдыру жөніндегі шешіміне қарсы тұрғанын айта аламыз. Қонаев мұндай бір шешімді жүзеге асырудың халықтың наразылығын тудырып көтеріліске шығуына себеп болуы мүмкін екенін айтып, Мәскеуді бұл шешімінен айнытқан еді» деп жазады автор мақаласында.

«Ол сонымен қатар Кеңестік жалған идеологиялық үгіт-насихат және қудалаулар салдарынан қазақ халқының ұлттық сана мен болмысынан көз жазып қалмауы үшін де күш салды» дей отырып, автор ойын былай толықтайды: «...Осы орайда ол әсіресе озық ойлы зиялылардың қазақ халқының тамыры тереңде жатқан мәдени құндылықтарын су бетіне шығарған еңбектеріне қамқоршы болып отырды... Осы орайда нақты бір мысал ретінде Ілияс Есенберлиннің шығармаларын айта аламыз. Ол Алтынорда мен қазақ хандығы тарихы және Кенесары хан көтерілісі туралы айтылмай тұрған фактілерді 1960 жылдардың соңынан бастап роман ретінде жариялай бастады. "Көшпенділер" және "Алтынорда" аттарымен екі үштік ретінде жарияланған тарихи романдары халықтың санасын оятып ұлттық болмысын сақтап қалуына қызмет етті. Бірақ осындай еңбектердің дүниеге келуіне Қонаев себепші болған еді. Оның қамқоршылығы болмағанда, олардың Кеңестік орындардың қудалауына ұшырап, баспа беті көрмеуі әбден ықтимал еді».

Сонымен қатар Дінмұхамед Қонаевтың ұлт рухын көтерудегі еңбегі Олжас Сүлейменовтың 1975 жылы жарық көрген "Аз и Я" еңбегіне қатысты деп атап өтеді автор тарихи мақаласында.

«...Сөйтіп Қонаев қазақ халқының тарихи және мәдени санасының жаңғыруына ерекше қызмет еткен еді. ...Ақырында 1989 жылы Горбачов Колбинді қызметінен алып, оның орнына Нұрсұлтан Назарбаевты Компартия басшылығына тағайындауға мәжбүр болды. Сөйтіп Қазақстан өзінің табиғи жетекшісіне қол жеткізді. Мұның нәтижесінде Қазақстан жан жақты дамып бүгін Еуразия құрылығының жарқыраған жұлдызы атағына ие болып отыр» деп түйіндейді тарих ғылымының докторы Әбіуақап Қара.


Қазақстанда экстремистік киім үлгілеріне тыйым салынады - «Фарс» ақпараттық агенттігі

null 

 

Осы аптада Қазақстан елінде киім үлігілеріне байланысты жарияланған шешімді ирандық танымал ақпарат көзі де оқырмандарымен бөлісіпті.

«Қазақстанның Дін істері мен азаматтық қоғам министрлігі ел азаматтарына діни киім киюге, сондай-ақ шетелдердегі экстремистік мектептерде білім алуға тыйым салыну ықтималдығын хабарлайды.

Аталмыш заң жобасында діни идеологияға негізделген  теріс ағымдарға қатысты киім киюге және олардың ілімдерін БАҚ арқылы таратып, насихаттауға тыйым салынып, теріс ағымдық топтардың жастарды заңсыз істерге тарту жазасы күшейтіледі. Сонымен бірге мемлекеттік қызметкерлердің шетелде діни білім алуы мен діни белсенділіктерге қатысуына, қоғамдық орындардағы киімдеріне, ресми тіркелмеген діни некеге тұруға тыйым салынады» деп жазады parstoday.com.


Арасан ауданында қола дәуірі мезгіліндегі көне қорымтабылды - «Ағажай Алтай»порталы
null

null 


Аталған ақпарат  көзі осы аптада дәл осындай тақырыптағы мақаласын жариялапты. «Қытай қоғамдық ғылым академиясының археология зерттеу орталығы мен Бейжің университеті археологиялық мәдениет көрме институттан келген 50-ден астам ғалым-мамандар Шинжаңның Бұратала облысы Арасан ауданы Қоста табылған көне  қорымда зерттеу жұмыстарын жасады» деп жазады kz.ts.cn/altai.
null 

«Зерттеу жұмыстары нәтижесінде археолог мамандар Қоста көне жұрты батыс Тияньшанда байқалған және ашылған көлемі ең ірі тастан салынған құрылыс екендігін анықтады. Сондай-ақ ол қола дәуірінде өмір сүрген әскери қорғаныс жүйесі мықты қалыптасқан қорғандардың бірі болған деген тұжырымға келді» деп жазады «Ағажай Алтай» порталы.
null 

Аталғай сайтта жазылған мәліметке сүйенсек, археология ғалымдары бұл қазба жартылай көшпенді, жартылай отырықшы ел болғанын алға тартып.

«Қазып алынған заттардың тарихы 3600 жыл бұрын болып, егіншілікпен шұғылдануды негіз, мал шаруашылығымен қосымша шұғылданған тұрмыс тәсілі бейнеленген. Егін, мал шаруашылығы өзгерген мезгілдің типтік бейнелері де айқын. Шинжаңның солтүстік өңірлерінде қола дәуірі кезінде мәдениеті мен тарихы дамыған, ауыл шаруашылығы гұлденген елді мекендердің жұрты, бүгінде зерттеуді қажет ететін дүние» деп жазады аталған ақпарат көзі.
null 

 

Орыстар күзгі демалыс үшін Түркияны таңдады - trt.net.tr

null 

Күз айы басталар алдында Түркия радио теледидар агенттігі осындай тақырыппен хабар жариялады. trt.net.tr бұны ресейлік ақпарат көздерінің таратқан мәліметтеріне сүйеніп жариялап отыр. Ресей туристерінің күзгі демалысын Түркияда өткізуді таңдағаны - екі елдің қарым-қатынасы қайтадан жақсара бастағанының белгісі деген сыңай танытады аталған ақпараттық агенттік. 

Ресей тур операторлары одағы (ATOR) мәлімдемесінде Ресейде қыркүйек пен қазан айларында азаматтардың демалыс үшін қайтадан Түркияны таңдағанын хабарлады.

Екі елдің ресми билік өкілдері өзара ынтымақтастықты жақсарту үшін ешқандай негізі жоқ жаңалықтарға назар аудармауын өтінген екен.

«Мәдениет және туризм министрлігі Анталия аймақтық директоры Ибрахим Аджардың орыс хабар агенттігі РИА Новостиге берген сұхбатында баспасөздегі жағымсыз көзқарас туғызатын негізі жоқ жаңалықтарға назар аудармау керектігін меңзеді.

«Ресейдегі  Адам денсаулығын сақтау және тұтынушы құқығын қорғау мекемесінің (Rospotrebnadzor) төрағасы Анна Попова болса БАҚ беттерінде туризмге кері әсер ететін жаңалықтардың шындыққа жанаспайтындығын атап көрсетті» деп жазды  trt.net.tr.

Соңғы жаңалықтар