Көпір үстінде рельстен шығып кеткен вагон күре жолға құлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы  Вашингтон  штатында дүйсенбі күні пойыздың  кем дегенде бір вагоны көпір үстінде рельстен шығып кетіп, күре жолға құлаған.

 Бұл туралы ТАСС Fox News телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Апатқа ұшыраған жолаушылар пойызы ма жоқ әлде тауарлы пойыз ба, әзірге айтылмай отыр.

Amtrak  теміржол компаниясы бұл келеңсіз жағдайдан хабардар және оқиғаның жай-жапсарын кейінірек хабарлауға уәде берді.

«Біз нөмірі 501 Amtrak пойызында болған бұл оқыс оқиғаны білеміз.  Қосымша деректер түскен бойда хабарлайтын боламыз»,- делінген компания Twitterінде.

Соңғы жаңалықтар