Көпбалалы әскеридің өтемақысын екі есеге қысқартты - сот шешімі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау гарнизонының әскери сотында алты баласы бар ер адамның шағымы қаралды. Өз арызында ол командирдің тұрғын үй өтемақасын екі есеге қысқарту туралы бұйрығына наразылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот материалдарына сәйкес, С. есімді азамат ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметінде әскери қызмет атқарған. Сол кезде оған Ақтау қаласынан қызметтік пәтер берілді. Артынан әскери бөлімнің тұрғын үй комиссиясы оған қызметтік пәтердің орнына ақшалай өтемақы беру туралы шешім шығарды.

Өткен жылы тамыз айында әскери бөлімнің командирі арнайы бұйрық шығарып, С.-ның отбасына 31 405 374 теңге көлеміндегі өтемақыны белгіледі. Себебі оның отбасында жеті адам бар. Алайда, көп ұзамай, командир ол бұйрыққа өзгеріс енгізді. Отбасы мүшелерінің жеті адамнын төрт адамға қысқаруына байланысты өтемақының мөлшері 17 945 928 теңгеге дейін қысқартылды. Осыдан кейін С. командирдің бұйрығымен келіспей, соттың көмегіне жүгінді.

Сот отырысы барысында арыз беруші азаматтың отбасы құрамына бірінші некеден туған үш баласын енгізгені анықталды. Бүгінде үшеуі де кәмелетке толмаған және әкесімен бірге тұрмайды. С. бұрынғы әйеліне алимент төлеп тұрады.

«Осыған байланысты сот бұйрыққа енгізілген өзгерістерді дұрыс деп тапты. Арыз беруші әскери азамат 7 адам үшін өтемақы ала алмайды. Ақтау гарнизонының әскери соты оның арызын қанағаттандырмады. Сот шешімі күшіне енген жоқ», - делінген ресми хабаралмада.

Соңғы жаңалықтар